Тауарды негізсіз қымбаттатқан Small, Metro мен Esentai жазаланды

0
89
фото: yandex.kz

Қазақстанда жарты жылда заң бұзған 2 228 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді, деп мәлімдеді Сауда комитеті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті. Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр. Бірі – ӘМАТ тауарларына сауда үстемесін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі — баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаны қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы), – деп толықтырды ведомство.

Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласындағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар Small және Metro ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы Esentai Gourmet гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Кітап оқымайды деген – бос сөз