Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Париж көшелеріне қазақ боксшыларының фотосуреті ілінді

фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылардың фотосы Олимпиада қарсаңында Париж төріне ілінді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Атап айтқанда, қазір Париж көшелерінде Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосы тұр.

Еске сала кетсек, қазақ боксшылары Парижге 21 шілдеде аттанған болатын. Олар Францияға Алматы әуежайынан ұшты. Бортта 10 олимпиада үміті, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар.

25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

Бұл жолы Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова үш салмақта шаршы алаңға шығады.

Сонымен, төрткүл дүние көз тіккен төртжылдық дода 4 күннен кейін басталады. Қазақстан құрамасы оған спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған.

Сәйкес жаңалықтар

Новый стандарт обеспечения: впервые национальные сборные Казахстана получают полный комплект экипировки

В центре мирового спорта — Казахстан выиграл право на проведение 7 чемпионатов мира в 2026–2027 годах

ИГРОКИ ФУТБОЛЬНОГО КЛУБА «КАЙСАР» ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ВЫБОРАХ В КУРУЛТАЙ