Қазақстан өзін негізгі азық-түлікпен толық қамтуы керек – Премьер-Министр

0
90
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

 – Премьер-Министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру бойынша Үкімет отырысын өткізді.

Оның айтуынша, 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасында жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру көзделген. Биыл бұл жоспар 111%-ды құрайды.

«6 айдың қорытындысы бойынша өсім 103%-ды көрсетті. Дегенмен, өсімдік шаруашылығының тиімділігін күзде көреміз. Саланы дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ете отырып, экспортты да дамыту керек. Үкімет осыған қажетті барлық ресурстарды бөледі. Ауыл шаруашылығын дамыту – менің жеке бақылауымда тұратын басым бағыт», — деді О. Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында.

Биыл көктемгі егіс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы техникаларының лизингіне ауқымды қаражат бағытталды. Жеңіл шарттармен несие беру көлемі бірінші рет 580 млрд теңгеге жеткізілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 180 млрд теңгеден асып көрмеген.

«Бұл егіншілердің барлық қажетті агротехникалық іс-шараларды толық көлемде жүргізуіне мүмкіндік берді. Мұнда қаржыландыру көздері, оның ішінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарту есебінен барынша кеңейтілді. Қаржы институттарын тікелей субсидиялау және агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру тетіктері енгізілді», — деді Үкімет басшысы.

Премьер Жол картасының индикаторларына қол жеткізу бойынша шара қабылдауды тапсырды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін жыл сайын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу қажет.

«Өңір әкімдіктері егін орағы басталғанша астық қабылдау кәсіпорындарының жаңа өнім қабылдауға толық дайындығын қамтамасыз етсін. Егін жинау кезеңінде астық қабылдау кәсіпорындары үздіксіз жұмыс істеуге тиіс. Өңір әкімдіктері жеңілдікті қаржыландырудың, оның ішінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар беретін қаржыландырудың диқандарға 100% жеткізілуін қамтамасыз етсін», — дейді О. Бектенов.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • «Алаш» үнін жеткізген туынды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213