Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Образование

Халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болды

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды, деп хабарлайды zamandas.kz

Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты. Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Искандер Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Жаттықтырушылары – Рамина Сабирова және Балғын Исақожа, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалыс үшін жасалған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді, – деп қосты ведомство.

Айта кетсек, команда халықаралық чемпионатқа Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатында жолдама алды.

Сәйкес жаңалықтар

В Алматинской области прошло мероприятие «Много языков — один мир»

Швеция возвращает книги и карандаши в школы: важный урок цифровой эпохи

Казахстан вошёл в число стран Европы и Центральной Азии, где родители всё реже прибегают к насильственным методам воспитания — снижение с 53% до 38%