Нұртөре Жүсіп СҚО тұрғындарымен ел дамуының жаңа кезеңінде қазақ тілінің маңызы туралы мәселені талқылады

0
83
 Фото: Сенаттың Баспасөз қызметі
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Солтүстік Қазақстан облысының зиялыларымен кездесті, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

Онда елімізде жүргізіліп жатқан реформалар және өңірлерді дамытуға, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін арттыруға, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған заңдар туралы сөз болды.

Сенатор қазіргі таңда еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Барлық мемлекеттік құрылым өздеріне жүктелген міндеттерді орындаумен бірге ел саясатының негізгі бағытын іске асыру аясында да ауқымды жұмыс атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жаңа кезеңдегі идеологиялық негізді айқындап берді. Ол «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі қағидатына айналған «әділдік» ұғымына табан тірейді.

Сонымен қатар депутат мемлекет қоғамның өсіп-өркендеп, жаңа, жарқын болашаққа қадам басуы үшін барлық жағдайды жасайтынын, бұл ретте жасанды интеллектті енгізіп, дамыту мәселесі де өзекті екенін айтты.

«Жасанды интеллект дегеніміз ешқандай қиял емес, қазіргі кезде қажеттілікке айналған маңызды тетіктердің бірі. Осы технологияның арқасында айтарлықтай жетістікке қол жеткізуге болады. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев медицина, қорғаныс, ғарыштық зерттеулер салаларында және басқа да басым бағыттарда маңызды рөл атқаратын жоғары өнімді суперкомпьютер құрастыруды тапсырды», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сондай-ақ сенатор қоғамдық келісім мен ұлттың бірлігін нығайту жолында мемлекеттік тілді дамытудың аса маңызды екенін және ел Президенті қазақ тілінің мәртебесін арттырып, оны дамытуға баса мән беріп отырғанын атап өтті.

«Президентіміз қазақ тілінің рөлін күшейту мәселесін бірнеше рет көтеріп, уақыт өте келе ол ұлтаралық қатынас тіліне айналуға тиіс екенін айтты. Бұл стратегияны іске асыру айрықша маңызға ие. Өйткені бүгінде қазақ тілі жаңа сипат алып, Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие бола бастады. Әлемдік қоғамдастықтың біздің тілімізге, мәдениетімізге және тұрмысымызға деген қызығушылығының артуы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ашықтық пен дипломатия саясатының нәтижесі. Осы ретте бүгінгі іс-шара да мемлекеттік тілдің рөлін күшейту жолында жасалған маңызды қадам екені анық», – деді Нұртөре Жүсіп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ТАУАР ШЫҒАРҒАН ЦЕХҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ