Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

БИБІСАРА АСАУБАЕВА – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді.

Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

Сәйкес жаңалықтар

“В этом и заключается красота“: глава ФИФА сделал заявление о Казахстане

Велоспорт для равных возможностей

zamandas69@mail.ru

«Чемпионы на льду»: мировые фигуристы устроили шоу в столице