Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті

Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚХА өкілдері, сондай-ақ аймақтағы полиэтникалық мектептердің меңгерушілері, мұғалімдері мен психологтары қатысты.

Семинар мақсаты – Түркістан облысындағы түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық қарым-қатынасты нығайту күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, білім алушыларды патриотизмге, толеранттылыққа, жоғары мәдениет пен өзара сыйластыққа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Алдағы күндері делегация құрамы Түркістан облысының Сарыағаш және Келес аудандарындағы ҚХА және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, аудан тұрғындарымен кездеседі.

Сәйкес жаңалықтар

Коллектив ТОО «Родина» выражает поддержку проведению республиканского референдума

zamandas69@mail.ru

В международном музыкальном конкурсе “Интервидение” Казахстанец Ернар Садирбаев, известный как популярный исполнитель Әмре, выступит на сцене седьмым.

ЦЕНТРАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ЗАРЕГИСТРИРОВАЛА  ПАРТИЙНЫЙ СПИСОК ПАРТИИ «RESPUBLICA»