Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЭкономикаОбщество

Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу

Фото: Ақорда

— Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет.

«Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет», — деді Президент.

Сәйкес жаңалықтар

Международный опыт для развития горного кластера применят в Алматы

Аида Балаева: Уважение к человеку труда должно оставаться не на уровне лозунгов, а становиться конкретной нормой, обеспеченной правовыми принципами

JAQ.OrtCom предупредил о распространении дипфейков с участием иностранных знаменитостей