Астанада 60-тан астам білім беру мекемесіне ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді

0
122

Қазіргі уақытта Астана қаласында атау берілген құрамдас бөліктердің жалпы саны – 1173, оның ішінде 18-і – даңғыл, 1151-і – көше, 4-еуі – тас жол. Атаулардың 90 пайыздан астамы тарихи жер-су атаулары мен ұлы тұлғалардың құрметіне қойылған. Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, елордада 60-тан астам білім беру мекемесіне белгілі ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді. Оның 40-қа жуығы соңғы 3 жылда берілді.

«Астана қаласы ономастика жұмысы бойынша еліміз бойынша ең белсенді өңір саналады. Қаланың жай-күйіне үнемі талдау жасап, идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді толықтай түзеттік. Бұзу немесе өзге де себеппен жойылған, сол сияқты кезінде қаланың шеткі аймақтарына берілген ірі тұлғалардың есімдері орталыққа көшірілуде. Бұған Тәттімбет, Мұхаметжан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Қорқыт, Күлтегін, Нәзір Төреқұлов, Мәншүк Мәметова көшелерін мысал ретінде айтуға болады. Болашақта Міржақып Дулатұлы, Құрманғазы т.б. бірнеше көшені де өзгерту жоспарда бар», – дейді Сәкен Есіркеп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Шаруаларға 5 пайызбен несие беріледі


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213