Үлкен Алматы айналма жолымен 75 мың көлік жүріп өткен

0
75
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы ашылғалы бері магистральдағы орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 60%-ға артқан, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқыда күніне шамамен 47 мың көлік жүріп өтсе, қазір бұл көрсеткіш 75 мың көлікке дейін артып отыр.

Бүгінде аталған магистральды белсенді пайдаланушылардың қатарына транзиттік жүк тасымалдаушылар жатады. Барлық трафиктің шамамен 40%-ы Алматы қаласына кірмей, айналма жолмен қатынайды. Бұл қаланың көлік желісіне түсетін жүктемені едәуір төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ кептелістердің азаюына және мегаполистегі экологиялық жағдайдың жақсаруына септігін тигізді. Ұзындығы 66 шақырым болатын ҮАААЖ Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандары арқылы өтеді және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі болып табылады, – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, жол 2023 жылдың маусымында ашылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Пластмассаға көмілген әлем

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213