Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу: Астанада қандай шаралар қабылданып жатыр?

0
81

Соңғы бірнеше жылда елордада 300-ден астам ата-ана балаларының заңсыз әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана прокурорының кәмелетке толмағандар бойынша аға көмекшісі Әйгерім Өмірзақова айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар өсті. Спикердің айтуынша, жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықтың бірнеше түрі бар: денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылық, есірткі тарату.

Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік 14 жастан басталады – бұл баланың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін жасы. 16 жастан бастап жасөспірім толық қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Қылмыстық құқықбұзушылық баланың болашағына әсер етуі мүмкін екенін түсіну маңызды: бұл оқуға, одан әрі жұмысқа орналасуға және әлеуметтік мәртебеге әсер етуі мүмкін. Егер кәмелетке толмаған адам мұндай жасқа толмаған болса, онда оның ата-анасы жауап береді. Соңғы бірнеше жылда 300-ден астам ата-ана балаларының заңсыз әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Асығыс әрекеттер жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын көптеген резонанстық жағдайлар бар», — деп атап өтті Әйгерім Өмірзақова.

Бүгінгі таңда виртуалды ортада көптеген құқық бұзушылық жасалуда. Кибербуллинг, тыйым салынған материалдарды тарату, қауіпті интернет-челлендждерге қатысу – мұның бәрі балаларға да кері әсерін тигізуі мүмкін.

Осыған байланысты ата-аналар балаларының интернеттегі белсенділігін бақылауы, желідегі қандай әрекеттер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруі және жеке деректерін қорғауы қажет.

«Алкоголь мен есірткіні қолдану да жасөспірімдер арасындағы ең өткір мәселелердің бірі болып саналады. Бұл денсаулыққа зиянды ғана емес, сонымен қатар заңсыз әрекет болып есептеледі. Ата-аналар баланың мінез-құлқындағы кез-келген өзгерістерге назар аударуы керек, бұл алдағы проблемалар туралы сигнал беруі мүмкін. Құқық қорғау органдарына ерте хабарлау қылмысты тезірек ашуға, кінәлілерді жауапқа тартуға, жаңа қылмыстардың жасалуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Жазасыздық жойқын салдарға әкелуі мүмкін, сондықтан мұнда нөлдік төзімділік таныту маңызды», — деп атап өтті прокурордың аға көмекшісі.

Ол көмек алу үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ 111 нөмірі бойынша CALL орталыққа жүгінуге болатынын еске салды.

Енді әр мектепке кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы мен прокурор тағайындалды, олар да кеңес бере алады.

Спикер елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді.

«Негізгі шараларға білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыс, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың жаппай болатын жерлерінде патрульдеу, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау кіреді. Елордалық прокуратураның үйлестіруімен қазір бұл шаралар күшейтілді. Жедел әрекеттер мен алынған ақпаратқа назар аударудың арқасында жаппай төбелеске жол берілмеді. Прокуратура, полиция, ҰҚКД және білім беру қызметкерлері қатарынан құрылған мобильдік топтар оқушылармен түсіндірме әңгімелер өткізді. 100-ден астам білім беру ұйымы қамтылды», — деді ол.

Оның айтуынша, мектептер мен басқа да білім беру мекемелері алдын алуда шешуші рөл атқарады. Жасөспірімдердің энергиясын дұрыс бағытқа бағыттауға көмектесетін жүйелі профилактикалық әңгімелер, психологтарды тарту, секциялар мен үйірмелерді ұйымдастыру маңызды.

Оқу орындары сонымен қатар «тәуекел топтарын» анықтап, қажетті қолдау көрсете алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз