Мақсатымызға толық жеттік деп айта аламыз

0
54

Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындап, өнер әлеміндегі бұл ерекше жарқын оқиға Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті.

«Қазақстанда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы 2021 жылдан бастап іске асырылуда. Оның мақсаты – 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөпірімдерді тегін үйірмелермен қамту, олардың бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Міне, бүгін Астана қаласында осындай домбыра үйірмесіне қатысатын үш мыңнан аса оқушыны жинап, бір мезетте күй орындатып, еліміздің рекордтар кітабына енуді мақсат тұттық. Әдетте күй үйірмесіне қатысушылар әуелі «Балбырауын» күйінен бастап үйренеді ғой, сондықтан күй атасының осы дауылпаз күйі таңдалды. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылардың өнерін бағаламақпыз. Мұндай ауқымдағы іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр», — деді Астана қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру мекемесінің басшысы Ерлан Жалғас.

«Бұған дейін ешқашан бір залда 3200-ден астам музыкант күй немесе басқа музыкалық шығарма орындап көрген жоқ. Бұл жөнінде осы іс-шара осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды басып озып отыр. Әлем бойынша да ең үлкен музыкалық рекордтардың бірі болғалы отыр деуімізге болады. Десе де біздің негізгі мақсатымыз – ел аймағы бойынша Қазақстан рекордтар кітабына тіркеу. Ал бұл мақсатымызға бүгін толық жеттік деп айта аламыз. Осы процесті арнайы сарапшыларымыз бақылап отырды. Балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы саралады», — деді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Күй мерекесіне мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да үйірмелердің қатысуымен осындай іс-шаралар жиі өткізіледі.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Министр енді «Алтын Орда» базары маңында «жабайы сауда» болмайтынын жеткізді


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213