Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Закон и порядок

Колония қызметкері сотталды

www.istockphoto.com
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды.

«Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған «әділет майоры» арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі», – делінген хабарламада.

Соталды тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

«Такие вещи не афишируются»: бывший подчиненный Бокаева признался в передаче ему наличных

«Закон и порядок в ритме»

«ASAU-2026»: «Закон и Порядок» — основа воинской дисциплины.