Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяКультураИскусство

«Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің туындысы — «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті.

Жаңа ұлттық опера Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген.

Қойылымды сахналауға әйгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылды.

Театрдың жетекші әртістерінің, симфониялық оркестр мен хордың қатысуымен тарихи дәуір шынайы сахналанды.

Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер өткізіліп, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.

2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынады.

Үш күн бойы көрермендер ортағасырлық ең ірі мемлекет — Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасап, маңызды тарихи сәттер мен ұмытылмас эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алады.

Сәйкес жаңалықтар

В КАЗАХСТАНЕ СТАРТОВАЛА РЕГИСТРАЦИЯ НА ПЕРВЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ МАРАФОН «ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ»

Токаев в Туркменистане прямо заявил, что в регионе больше 200 инициатив, а выполнена лишь малая часть

ALLUR НАПРАВИЛА 100 МЛН ТЕНГЕ В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ОБЩЕСТВА «ҚАЗАҚ ТІЛІ»