Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өткізілді

Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шинкиокушинкай каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық бәсекенің ашылу салтанатына федерация президенті Санжар Жаркешов пен федерацияның вице-президенті Қайыртай Қалижанұлы қатысты.

«Жарысымыздың кешегі күнінде 150-дей қатысушы «ката» бағдарламасында шеберліктерін көрсетсе, бүгін «кумитэ» бағдарламасы бойынша жекпе-жек сайысында 500-дей спортшы жүлдеге таласып жатыр. Додамызға Қазақстанның бірнеше өңірінен бөлек, көрші Қырғызстаннан да қатысушылар келді. Турнирімізге атсалысқан спортшыларға, ата-аналарға, демеушілерге алғысым шексіз», — деп Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті Санжар Жаркешов өз ризашылығын білдірді.

Ұйымдастырушылар 2025 жылы Астана кубогының 25 жылдығына орай 25 мемлекеттің қатысуымен ауқымды халықаралық бәсекені өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 26-республикалық турнирдің жеңімпаздары арнайы медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Жаңкош Тұраров Алматыдағы сот орындаушысымен болған жанжалға қатысты жауап берді

zd_admin

Таеквондист Батырхан Толеугали успешно стартовал на турнире за олимпийскую лицензию

ИГРОКИ ФУТБОЛЬНОГО КЛУБА «КАЙСАР» ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ВЫБОРАХ В КУРУЛТАЙ