Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлады Ақорда.

«Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.

Сәйкес жаңалықтар

Культура участия как выбор:  диалог с Клубами молодых избирателей

Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года