Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Бақберген турнирдің күміс жүлдегері атанды

Елордалық боксшы Бақберген Алиасқаров халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сербия астанасы Белград қаласында бокстан өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл 62-ші рет ұйымдастырылған айтулы додада Қырғызстан, Словакия, Македония, Марокко, Сербия, Молдова және Қазақстан елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Астана қаласының намысын қорғаған 75 келіге дейінгі салмақтағы Бақберген Алиасқаров лайықты өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жалпы, қазақстандық боксшылар бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Сәйкес жаңалықтар

Новая Конституция РК закрепила защиту персональных данных на высшем уровне

Дипфейки и манипуляции. JAQ.OrtCom предупредил о новой волне фейковых видео

Курс на светлое будущее: в Северном Казахстане необычно напомнили о выборах в Курултай