Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды

Щучинск қаласының жоғары колледжі аланында «Білім беру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.
Іс-шара педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыруға, педагогикалық тәжірибемен бөлісуге және танымал етуге ықпал етеді.
Конкурсқа 16 колледжден жалпы білім беретін және арнайы пәндердің 22 оқытушысы қатысты.
Жарыс барысында педагогтар жоғары теориялық білім, кәсіби шеберлік және заманауи мультимедиялық технологияларды оқыту тәжірибесінде шебер қолдануды көрсетті.
Байқау соңында келесі бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Педагогикалық мамандықтар бойынша:
1 орын- Әлия Заманбекова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;
2-орын- Наталья Короткова, Щучинск қаласының, жоғары педагогикалық колледжі;
3-орын- Гүлзат Жұманбаева, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша:
1 орын – Арайлым Басымова, Щучинск қаласының, жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын – Қарлығаш Қалиева, Көкшетау қаласының, Жоғары техникалық колледжі; Сарша Жанар, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.;
3 орын – Гүлнара Жексенбаева, Ш. Уәлиханов атындағы университетін жанындағы көпсалалы колледж.
Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік үшін» номинациясы бойынша білім басқармасының дипломдарымен Анастасия Семерная, Есіл қаласы. агротехникалық колледжі; Лилия Домбровская, Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі; Светлана Злочная, Щучинск қаласының,Жоғары техникалық колледжі; Айжан Қабдешова, Ш. Уәлиханов атындағы университетін жанындағы көпсалалы колледж марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Облыстық турдың жеңімпаздары конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысын таныстырады.