Абиба Абужақынова алтын медаль иеленді

Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при финалында Абиба Абужақынова (48 кг) 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңіп, алтын медаль иеленді.
Финалға дейін қазақ спортшысы ширек финалда татами иесі Жаклин Спрингерді, ал жартылай финалда Нидерланд өкілі Амбер Херсьесті жеңді.
Айта кетейік, Гран-при турнирінде 52 елден 416 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасынан жарысқа 14 дзюдошы қатысып жатыр.