Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ

Фото:ашықдереккөз
Премьер-министр: Тасқын кезеңінің басталуына көп қалған жоқ

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға тасқынға дайындықты күшейтуді тапсырды.

— Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер, — деді ол.

Үкімет басшысы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды екеніне де тоқталды.

— Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырсын, — деді Олжас Бектенов.

Осыған дейін су тасқынының салдарын жою үшін 10 000-ға жуық әскери қызметші жұмылдырылуы мүмкін екені айтылды.

Сәйкес жаңалықтар

ҰБТ кезінде жоғары көрсеткіш көрсету мүмкіндігін арттыруға жеткілікті уақыт бар

Талдықорғанда шенеунік тұрғын үй салуға бөлінген қомақты қаражатты жымқырған

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді