Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Асыл мұра» жинағы – Қазақстанның музыка өнері тарихында халықаралық стримингтерде кеңінен таралған ең ірі жинақ

Жоба Ozen музыкалық лейблымен бірге жүзеге асырылды.

«Қазақстан» республикалық телерадио­кор­пора­циясы жарыққа шығарған «Асыл мұра» жи­нағы – Қазақстанның музыка өнері тари­хын­да халықаралық стримингтерде кеңінен тарал­ған ең ірі жинақ. Жоба Ozen музыкалық лейблымен бірге жүзеге асырылды.

Жинаққа «Алтын қорда» сақталған 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық әні мен халық ком­по­зиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро хит ән енгізілді. Аудио­жи­нақ­тың ерекшелігі – мұндағы шығарманың көбі ау­тентикалық формада, яғни алғашқы орын­дау­шылары жеткізген түпнұсқа күйінде беріл­ген.

Жобаға енген таңдамалы 1 500 аудиожазба Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты әлемге танымал 100-ден астам му­зы­калық платформаға жүктелді. Сондай-ақ туын­дылар «Қазақстан» телерадио­кор­пора­ция­сының  altynqor.com сайтына енгізілді.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Мем­ле­кеттік кеңесші «Асыл мұра» аудиожинағының жа­­­рыққа шығуы және ұлттық саз өнері мұра­сы­ның әлемдік платформаларда қолжетімді болуы төл мәдениетіміздің дамуына тың серпін бере­тінін атап өтті.

Ерлан Қарин «Мемлекеттік телера­дио­кор­по­рацияның қорында ғана сақталған 1 500 түп­нұсқа туынды әлемдік музыкалық плат­фор­маларда жарияланып отыр. Бұл жоба Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрыл­тайдың IV отырысында көтерген Ұлттық цифрлық мұрағат құру жөніндегі бастаманы жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мұндай жоба­лар ұлттық мәдени контентті жүйелеуге жол ашып қана қоймай, өнерпаздардың жаңа буы­нына, өскелең ұрпаққа сенімді әрі бай дерек кө­зі болады. Сондай-ақ жасанды интеллектінің жа­дын едәуір толықтырады», – деді.

Жинақ еліміздегі ұлттық кітапханаларға, Өнер университеттерінің кітапханаларына бері­леді, сондай-ақ еркін саудаға шығары­лады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

Ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi

Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты