Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұйымдастырылады

Алматы қаласында 21 және 22 наурызда Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұйымдастырылады. Бұл шарада қала тұрғындары мен қонақтарын роботтар мен виртуалды аватарлар қарсы алады. Гастрономиялық аймақта робот даяшылар, робот аспаздар және робот баристалар өз қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ, Панфилов көшесінде кинетикалық туннель пайда болады, ол фестивальге келгендерге ерекше әсер қалдырады.

Фестивальге қатысушылар интеллектуалдық «Ой-Думан» ойынына қатысып, робототехника көрмесін тамашалап, садақ атып, жасанды интеллекттің көмегімен мерекелік фотолар түсіре алады. Кіреберісте орналасқан LED-экран арқылы Ғалымжан атты виртуалды аватар қонақтарға мерекелік бағдарлама туралы ақпарат береді.

Мерекелік іс-шара Қабанбай батыр көшесінен бастап Төле би көшесіне дейінгі аумақты қамтитын Панфилов көшесінде өтеді. Кіру тегін.

Сәйкес жаңалықтар

«Steppe Games» – ұлттық ерекшелікті көрсететін және қазақ тілін үйренушілердің қазіргі ұрпағына арнап жасалған отандық өнім

Адам құқығы – басты құндылық

Мақсатымыз ананы да, баланы да аман алып қалу болды