Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Құстар әні» фестивалі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы жылғы 2-4 сәуір аралығында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, аты аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестивальдің мақсаты – көрнекті композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық музыка өнерінің дамуына ықпал ету, жас музыканттарға қолдау көрсету және өңірлік өнер ұжымдарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Фестиваль аясында қазақ музыкасының алтын қорына енген «Құстар әні», «Өз елім», «Аққу», «Ата толғауы», «Жан сәулем» және басқа да шығармалар орындалады.

Мәдени іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары және еліміздің әр өңірінен келетін шығармашылық ұжымдар, БАҚ өкілдері мен өнерсүйер қауым қатысады.

Фестиваль өтетін күндері Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аңыз тұлғаның туындылары талқыланады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақ радиосының сандуғашы

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен отандық ғылымға сіңірген еңбегі – ұлттың рухани қазынасы

zamandas69@mail.ru

Метро – Алматы қаласының көлік жүйесінің маңызды элементі