Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруда. 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбырын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңгені құрайды. Онда 34,3 шақырым желі құрылысы қарастырылған, оның 20,8 шақырымы бұрын бөлінген қаражат аясында төселген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық жерлерде 99,4%-ды, ауылдық елді мекендерде 97,8%-ды құрайды. Түркістан облысы бойынша қала – 100%, ауылдар 98,1% ауызсумен қамтылған.

Қазіргі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту үшін қаражат бөлінді.

Сәйкес жаңалықтар

Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс

Сенатор рухани сарапшылар және шараны ұйымдастырушылармен талқылау барысында исламдағы отбасының рөлін атап өтті

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті