Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Көне аспаптар шеруі» халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өтеді

2025 жылдың 22–23 сәуір аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Көне аспаптар шеруі» халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өтеді. Фестивальде Қазақстан, Қытай, Ресей және басқа елдерден халық аспаптарын меңгерген шеберлер, орындаушылар мен зерттеушілер бас қосады.

​Іс-шараның мақсаты – қазақтың бай музыка мәдениеті мен тереңдігін көрсететін аспаптық орындаушылықтың сирек кездесетін және ұмыт болып бара жатқан дәстүрін сақтау және насихаттау. Фестиваль ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеттер мен орындаушылық мектептер арасындағы диалог үшін ерекше алаңға айналады.

​Бағдарламада аспаптардың жасалу технологиясы мен тарихы туралы шеберлік сабақтар мен арнайы дәрістер, фольклорлық аспаптарды сақтау және өндіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел, шығармашылық кездесулер, ұстаздар, студенттер және шақырылған орындаушылардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылады.

Сәйкес жаңалықтар

Сенатор рухани сарапшылар және шараны ұйымдастырушылармен талқылау барысында исламдағы отбасының рөлін атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

«Бәйтерек» экономиканың нақты секторын қолдауды күшейтеді