Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Бұл – олардың табандылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі

Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогінің үшінші кезеңінде Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің «Фурор» командасы өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спортшыларымыз 5 лента бағдарламасы бойынша жоғары үйлесімділік пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді. 1-орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс медальді Польша құрамасының гимнастшылары жеңіп алды.

«Қыздарымыздың еңбегі ақталды. Олар талмай жаттықты, әр жаттығуды жүректерімен орындады. Бұл – олардың табандылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыруға күш саламыз», – деді команданың жеке бапкері Меруерт Балғынбаева.

Команда құрамында елордалық гимнасшылар Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан құрамасы – көркем жүзуден Әлем кубогының иегері

Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған

Бұл – өлеңмен өрілген сыр, жүректен жүрекке жол тартқан поэтикалық диалог

zamandas69@mail.ru