Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Діни радикалдар әрекетінің жолы кесілді

Сәуір айында Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды және әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизм идеологиясын таратқан 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын сотты болған.

«Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.

Сәйкес жаңалықтар

БАӘ мен Парсы шығанағы елдерінің нарығының ерекшелігі –  импортқа тауарлық шектеулер жоқ

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

zamandas69@mail.ru

Алматы туризмі серпінді дамып келеді

zamandas69@mail.ru