Жастар үшін нағыз сынақ болды

0
13

Астаналықтар 8-12 мамыр аралығында Германияның Лейпциг қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан спортшыларды мақтанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда елордалық спортшыларды туған-туыстары, достары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері еліміздің намысын әлемдік деңгейде абыроймен қорғаған жас спортшыларды қошеметпен қарсы алды.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік атанды, ал елордалық спортшылар бес медаль жеңіп алды:
Батырхан Ратбек Батырхан (16-17 жас, 65 келіге дейін) – алтын медаль;
Амира Аққазинова (14-15 жас, 50 кг дейін) – күміс медаль;
Мұхаммедали Қойшыбай (16-17 жас, 60 келіге дейін) – қола медаль;
Ұлжан Рақышева (18-21 жас, 65 келіден жоғары) – қола медаль;
Айбек Аманов (18-21 жас, 80 келіге дейін) – қола медаль.
Халықаралық турнирге әлемнің 40 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты. Бұл жастар үшін нағыз сынақ болды. Мұндай жетістік, әсіресе осындай бәсекелестікте әлдеқайда құнды.

Жас спортшылардың осындай жетістіктері елорданың еліміздегі спортты дамытудың басты орталықтарының бірі ретіндегі әлеуетін тағы да дәлелдейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ