ХIII жазғы Универсиада ойындары өтіп жатыр

0
21

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ХIII жазғы Универсиада ойындары өтіп жатыр.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жарысқа арнайы келіп, студент жастарға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар үш күнге созылған тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша өткен жарыстардың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.

Ептілік пен төзімділікті қажет ететін тоғызқұмалақ сайысына 32 жоғары оқу орнынан келген спортшылар қатысып, өзара үздікті анықтаса, үстел теннисінен 26 ЖОО-ның командалары тартысты бәсекеге түсті. Командалық және жекелей есепте шеберлігі мен дайындығы үйлескен спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

Айта кетейік, Универсиада аясында еліміздің барлық өңірлерінен 76 жоғары оқу орнының студенттері қатысып жатқан 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрінен жарыстар өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ