«Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі басталды

0
16

2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды мәдени іс-шараға Қазақстан, Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің сала мамандары қатысты. Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына қуыршақ өнерінің бірегей туындыларын тамашалауға мүмкіндік берді.

Ашылу рәсімі Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының сахнасында өтті. Іс-шараға өнер қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері қатысты.

Фестиваль бағдарламасы Самарқанд облыстық қуыршақ театры қойған «Әли Құсшы» спектаклімен басталды.

Бес күн бойы байқау спектакльдері Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Тотальный театр сахналарында өтеді.

Фестиваль қойылымдарын Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркияның жетекші театр қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ