Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бейнежазбада қыздың подъезге кіріп бара жатқаны, артынша ер адамның жүгіріп кіріп, оны ұстап алып, баспалдақтан итеріп жібергені көрінеді. Қыз айқайлай бастайды, ал шабуыл жасаған адам қашып кетеді.
Дауысқа бірінші қабаттағы пәтер тұрғыны назар аударып, баспалдақ алаңына шығады, қыздың сөзін тыңдап, күдіктіні қуып, даланы қарайды.
Полиция күдіктінің ізі суымай ұсталғанын мәлімдеді.
«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде», — делінген Ұлытау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.