Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады

0
13

Фото: ашық апарат көзінен алынды

Дүниежүзілік додаға 93 елден 600-ге жуық қатысушы жиналды. Оның ішінде 12 жерлесіміз бар.

Биыл ұлттық құрама өкілдеріне артылатын жауапкершілік мол. Өйткені қазақстандық қыз-жігіттердің басым бөлігі бұған дейін әлем біріншілігіне бірнеше рет қатысқан. Тіпті, Олимпиада ойындарында бақ сынап, жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар да бар.

Будапешттегі әлем чемпионатында бүгін 2 салмақта медальдар сарапқа салынады және татамиге 4 дзюдошымыз шығады. Атап айтқанда, ерлерден 60 келіде Шерзод Давлатов пен Мағжан Шамшадин және әйелдерден 48 келіде Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тыныбаева бақ сынайды. Ал дүниежүзілік доданың өзі 19 маусымға дейін жалғасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ