ТЖ министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан II-ші турнир басталды

0
14

2025 жылғы 17 шілдеде Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан II-ші турнирі басталды. Жарыстар екі күн 17-18 шілдеде өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы –ТЖМ, «Batyr Team» ведомстволық спорттық клубы және Алматы қаласы ТЖД. Турнир еліміздің барлық өңірлерінің өкілдерін біріктіреді: ТЖМ аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің 24 командасынан 226 қызметкер қатысуда.

Іс-шара командалық рухты нығайтуға, кәсіби байланысты дамытуға және ТЖ жүйесінің мықты спортшыларын анықтауға бағытталған. Турнир ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салты мен жекпе-жек өнерін насихаттаудың маңызды алаңы ретінде де қызмет етеді.

Турнирдің тікелей көрсетілімін ТЖМ «112kz» YouTube-арнасы мен инстаграмнан мына сілтемелер арқылы өтіп, көруге болады:

https://www.youtube.com/live/aDUtM6_Lhow?si=ndzIu4ea63IIHug8

https://www.youtube.com/live/zbwHmYzT70s?si=qF9VHjLAvOQ6V04Z

https://www.youtube.com/live/S7ucD82KY6k?si=jAJeswZbXjKUJI_O

https://www.instagram.com/112kz_/live/17886942270312936

ПІКІР ҚАЛДЫРУ