Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды жыл сайын скринингтік зерттеп-қараудан өтуге шақырады

0
14

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды жыл сайын скринингтік зерттеп-қараудан өтуге шақырады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, онкоскринингтер барлығына қолжетімді.
Зерттеп-қараулар жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі, жатыр мойны мен ішектің обырын, В және С вирустық гепатиттерін, цереброваскулярлық бұзылуларды және басқа да қауіпті патологияларды ерте анықтауға бағытталған. Жас санаттары мен жиілігін дәрігер медициналық стандарттарға сәйкес анықтайды.

Сіз өзіңіздің емханаңызда скринингтен өте аласыз – жеке куәлігіңіз болуы жеткілікті. Тіркелу, call-орталық немесе Дамумед мобилдік қосымшасы арқылы жазылуға болады.

Көбінесе учаскелік дәрігерлер немесе мейіргерлер жас және басқа өлшемшарттар бойынша тізімдер жасай отырып, бекітілген халықты өздері шақырады.

Скринингтен кім және қашан өтеді?

– жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары: артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы – 40 пен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
– эндокриндік аурулар: қант диабеті – 40 пен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
– көру ағзаларының аурулары: глаукома – 40 пен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
– онкологиялық аурулар: сүт безі обыры – 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер; жатыр мойны обыры-30 мен 74 жас аралығындағы әйелдер; колоректалдық обыр – 50 мен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
– вирустық инфекциялар: В және С вирустық гепатиті – медицина қызметкерлері; жоспарлы және шұғыл операцияларға түсетін пациенттер; гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-қан тамырлары және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; ағзаларды, тіндерді, жасушаларды гемотрансфузия және трансплантаттау жүргізілетін адамдар; жүкті әйелдер
– цереброваскулярлық бұзылулар – 50 жастан 76 жасқа дейінгі ер адамдар

Азаматтарды тексеру тіпті ешқандай белгілер болмаған жағдайда да – тек олардың денсаулығына сенімді болу үшін қажет.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ