Бұл жоба – қаржылық сауаттылықты ұлттық білім беру жүйесіне енгізудің маңызды қадамы

0
21

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын көтеруге арналған ауқымды жоба іске қосылды. Бастаманы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп іске асырады.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен «Өрлеу» тренерлері Ұлттық банктің 100 өңірлік филиалының қызметкерлерін заманауи оқыту әдістеріне үйретеді. Бағдарлама коучинг пен фасилитация, топтық жұмыс, ұлттық қаржы жүйесі, инвестиция және қаржыны басқарудың қазіргі тәсілдерін қамтиды.

Қыркүйектен бастап мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 6 мыңға жуық мұғалім бес күндік курстан өтеді. 2026 жылы тағы шамамен 4 мың педагог қамтылмақ. Бағдарлама ұстаздарға қаржылық мәдениетті оқу үдерісіне енгізуге, ал оқушылар мен студенттерге қаржыны тиімді басқару дағдыларын дарытуға жол ашады.

Бұл жоба – қаржылық сауаттылықты ұлттық білім беру жүйесіне енгізудің маңызды қадамы. Ол қаржы пирамидалары мен алаяқтықтың алдын алып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. «Өрлеу» мен Ұлттық банктің серіктестігі педагогтердің кәсіби дамуын қолдап, жас ұрпаққа жеке қаржыны сауатты басқаруға қажетті заманауи білім береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ