Форумның мақсаты – азаматтық қатысу институтын нығайту

0
19

Бүгін, 2025 жылдың 21 тамызында Павлодар қаласында «Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі» тақырыбында өңірлік азаматтық форум өтті.

Форумның мақсаты – азаматтық қатысу институтын нығайту және адалдық құндылықтарын орнықты дамудың негізі ретінде насихаттау. Іс-шара барысында үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы мен белсенді азаматтар бір алаңда пікір алмасты.

Форумға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері, қоғамдық кеңестер, сарапшылар және азаматтық қоғамды дамытуға мүдделі басқа да қатысушылар жиналды.

Форум бағдарламасы өңір басшылығы мен ұлттық азаматтық институттар өкілдері қатысқан салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Бұдан әрі жұмыс екі секция бойынша жалғасты. Онда жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық бақылау мәселелері талқыланып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Форум қорытындысы бойынша еркін микрофон форматында ашық диалог ұйымдастырылып, белсенді азаматтар мен ҮЕҰ өкілдері марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ