Бұл – Қазақстандағы алғашқы геймификацияланған экотропа

0
12

«Бурабай» ұлттық паркінде туристік «БӨЛЕКТАУ» бағыты бойынша қауіпсіз экотропа салынды. Бұл – Қазақстандағы алғашқы геймификацияланған экотропа: келушілер оны QR, аудиогид және Telegram-бот арқылы квест форматында өте алады. Жоба Home Credit Bank қаржыландыруымен, «Бурабай» ұлттық паркі және Ақмола облысы әкімдігінің туризм басқармасымен серіктестікте жүзеге асырылды. Бұл банктың Қазақстандағы 20 жылдық мерейтойына орай іске асырылған ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі.

Тропа кіреберіс аркадан басталып, демалыс орны мен беседкада аяқталады. Бұл аумақ таулы туристер үшін ең тік әрі қауіпті учаске болғандықтан таңдалды. Маршрут бойына Бөлектаудың флорасы, фаунасы мен аңыздары туралы ақпараттық стендтер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиогидке қолжетімді QR-кодтар орнатылды.

Маңызды жайт – ыңғайлы тропа жасау барысында экологиялық таза материалдар пайдаланылды: орталық стенд ауаны күн сәулесі түскенде тазарта алатын инновациялық фотокаталитикалық жабыннан жасалды.

«Мемлекет басшысы 2024 жылғы 13 маусымдағы кеңесте Бурабай курортын Қазақстандағы басты туристік дестинациялардың бірі ретінде айқындаған болатын. Мұнда жүзеге асырылып жатқан әрбір жоба туристер үшін тартымды орынға айналып, сонымен бірге табиғи болмысын барынша сақтауы тиіс», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов.

«Бұл біз үшін жай ғана абаттандыру жобасы емес. Біз адамдарға заманауи, қауіпсіз әрі әсем демалыс орны пайда болуын қаладық. Отбасылар бірге серуендеп, Бөлектаудың қайталанбас табиғаты жайлы жаңа мәлімет алып, табиғатқа деген қамқорлықты сезінуі маңызды. Біз осындай қазақстандық туризм үшін маңызды іске күш пен қаражат салғанымызға мақтанамыз. Ұлттық парктің қонақтары біздің командамыз бен серіктестеріміз сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасаған экотропаны аялайтынына сенемін», – деді Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

«Бұл жол инфрақұрылымды табиғатқа зиян келтірмей жасауға болатынын көрсетті. Мұнда бәрі табиғи материалдардан жасалып, ландшафтқа ұқыптылықпен және құрметпен орналастырылды. Home Credit Bank-пен серіктестік арқасында біздің қонақтарымызда ұлттық паркті танып-білуге, қауіпсіз әрі жайлы серуендеуге тағы бір мүмкіндік пайда болғанына қуаныштымыз», – деп атап өтті «Бурабай» ұлттық паркі директоры Сергей Васильевич Быков.

Экотропаның ашылуы өңір үшін маңызды оқиға болды: салтанатқа жергілікті мемлекеттік органдардың, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, дипломатиялық миссиялардың, БАҚ пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Home Credit Bank басшылығы мен ұжымы қатысты.

Алғашқы келушілер маршруттан өтіп, аудиогидті сынап көріп, квест тапсырмаларын бағалады. Мерекелік атмосфера бұл жобаның өңірдің туристік инфрақұрылымы үшін ғана емес, ізгі мақсаттағы күш-жігерді біріктірген шын мәніндегі оқиға болғанын көрсетті.

Home Credit Bank бұл бастаманы өзінің ESG-стратегиясының бір бөлігі және Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан үлесі деп есептейді. Банк экотропа тұрғындар мен туристер үшін тартымды орынға айналып, бизнесті жаңа әлеуметтік жобаларға шабыттандыратынына және әрбір келушіге табиғатты аялап ұстаудың маңызын еске салатынына сенімді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ