Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Монако княздігі халықаралық аренадағы беделін сенімді түрде нығайтып, бірегей мәдени мұрасын сақтау әрі байыту, сондай-ақ орнықты даму, қаржыны жауапты басқару және қоршаған ортаны қорғау моделі арқылы бүкіл әлемге үлгі болып келе жатқанын атап өткен.

Қазақстан Президенті достық байланыстар мен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен оның отандастарына бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

«Жанұя» орталығы облыс орталығы Талдықорғанда да өз жұмысын бастады

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар сараптамадан өтті

1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді

zamandas69@mail.ru