Ләззат Жүсіпова пара-каратэден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

0
6

Мысыр астанасы Каирде пара-каратэден (WKF) әлем чемпионаты аяқталды. Онда ел намысын қорғаған елордалық спортшы қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы сайыста әлемнің түкпір-түкпірінен 110-ға жуық спортшы бас қосып, үздіктер анықталды.

Чемпионатта К10 санатында өнер көрсеткен елордалық спортшы Ләззат Жүсіпова алғаш рет WKF нұсқасы бойынша бақ сынап, қола медаль жеңіп алды. Бұл – спортшының халықаралық аренадағы маңызды жетістіктерінің бірі.

«Каирде WKF бойынша 27-ші әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа қатардағы спортшылармен бірге мүмкіндігі шектеулі спортшылар да қатысты. Тарихта алғаш рет біз пара-каратэнің ката дисциплинасы бойынша қола медаль жеңіп алдық. Жалпы, бұл – ең күрделі жарыстардың бірі. Онда әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынайды. Бірақ биыл шынымен тарихи сәт болды – біз жеңісті жұлып алып, WKF әлем чемпионатының қола жүлдегері атандық.

Шынайы алғысымды аға жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуеваға, сондай-ақ бапкер Тойжан Алшыновқа айтамын. Сапар барысында қолдау көрсеткен, бағыттап жүрген барлық жаттықтырушымызға алғысым шексіз. Бізді қарсы алған баршаңызға да алғыс. Біз елімізге жеңіспен оралдық!» – деді ол.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ