Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 42 төсектік кардиологиялық және инсульт орталығы орналасқан аудандық аурухананың жаңа корпусының құрылысы аяқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоба мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен толық қаржыландырылды.

Болашақта мұнда МРТ аппаратын орнату жоспарлануда, бүгінде аурухананы компьютерлік томографпен жарақтандыру мәселесі шешілді.

«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде өңірде қазірдің өзінде тұрғындар медициналық көмек алып жатқан 10,763 млрд теңгеге 27 медициналық нысан салынды.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде 11 медаль жеңіп алды

Астанада 15 мектеп ашылды

Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді