Талдықорғанда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «BookSwap Fest: Кітаппен достас» акциясы өтті

0
17

Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында «BookSwap Fest: Кітаппен достас» атты кітап алмасу акциясы сәтті өтті. Іс-шараны «Taldykorgan jastary» филиалы ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, білімге деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ заңға құрмет, тәртіп пен жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар өздері оқып шыққан кітаптарының мазмұнын таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті. Кітаптың мазмұнын жүйелі әрі әсерлі түрде баяндап, белсенділік танытқан жастарға «Taldykorgan jastary» атынан естелік сыйлықтар табысталды. Бұл өз кезегінде жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.

Сонымен қатар, акция аясында жастар өзара кітап алмасып, түрлі жанрдағы көркем және танымдық әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алды. Кітап алмасу барысында еркін пікір алмасу орнап, жағымды әрі достық атмосфера қалыптасты.

«BookSwap Fest: Кітаппен достас» акциясы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, интеллектуалдық дамуына және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар іс-шараның мазмұнды әрі әсерлі өткенін атап өтіп, осындай танымдық жобалардың алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылуын қолдайтындарын білдірді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ