Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады.
Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берілді.

Дәурен Қосанов цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынылды.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Сәйкес жаңалықтар

Аймақ басшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады

Тұз сасыса, не себеміз? Ауылдар маңындағы экожүйе бұзылып жатыр

Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы