Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Ұлттық арналар XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Фото: iStock
6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Төртжылдықтың басты додасы  Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және  Jibek Joly  республикалық арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ақ ойындарда 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінде Қазақстан үш спорт түрі – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталардың иегері атанды.​​

Қысқы Олимпиадалар тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3 000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. ​​​​​

Олимпиада кезінде түсірілім топтары дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар  Qazaqstan  мен  Qazsport  арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі»,  Qazsport  телеарнасынан тікелей эфирде «Милан – Кортина 2026» студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Сәйкес жаңалықтар

Бас бапкер қазақ боксшыларын алда қандай жарыстар күтіп тұрғанын айтты

Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады