Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

«Қарлығаш» деректі фильмі архив қорына қабылданды

ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Іс-шара барысында деректі фильмді мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы ресми құжатқа қол қойылды.

Фильмде «Айгүл» ансамблінің әншісі, 40 жылға жуық «Қазақстан» телеарнасында қызмет еткен қазақ телевизиясының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қарлығаш Мұртазинаның өнердегі жолы баяндалады. Картинада әнші тағдыры арқылы қазақ халқының тарихы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі көрсетілген.

«Қарлығаш» деректі фильмі Үндістан, АҚШ, Франция, Ұлыбританияда өткен кинофестивалдерде түрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болған.

Фильмді канадалық режиссер Марина Десяткина мен оператор Валерий Дегтярев таспалаған.

Сәйкес жаңалықтар

TikTok-қа салған видеосы үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

Астанада су тарифін өзгерту талқыланып жатыр

Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды