ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ШАХМАТШЫЛАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН ТАБЫЛДЫ

0
17
20-30 қаңтар күндері Түркістан қаласында өткен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты аяқталды. Елдің 20 аймағынан келген 1050-ге жуық жас шахматшы қатысқан басты дода ұлттық іріктеу жүйесінің шешуші кезеңі саналады. Дәл осы турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы халықаралық жарыстарға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, ҚР шахмат федерациясының атқарушы директоры Гулмира Даулетова, ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев марапаттап, құрмет көрсетті.
Аталған бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған жас спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Классика бағдарламасы бойынша:
Айару Алтынбек – 18 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥈 медаль;
Әсия Асылхан – 16 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥇 медаль;
Раяна Абайқызы – 8 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥉 медаль;
Кәусар Батырбек – 6 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥉 медаль.
Рапид бәсекесі:
Айару Алтынбек – 18 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥉 медаль;
Әсия Асылхан – 16 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥉 медаль;
Кәусар Батырбек – 6 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥇 медаль.
Блиц сайысында:
Айару Алтынбек – 18 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥇 медаль;
Нұрислам Сұлтанхан – 10 жасқа дейінгі ұлдар арасынд 🥇 медаль;
Кәусар Батырбек – 6 жасқа дейінгі қыздар арасында 🥇 медаль.
🏆 Командалық есепте Түркістан облысының құрамасы жалпы есепте үшінші орынды иеленді.Түркістандық жас шахматшылардың бұл жетістігі – өңірде балалар мен жасөспірімдер спортының жүйелі дамып келе жатқанының айқын көрінісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ