Алматыда полиция “Anti-Fraud” республикалық операциясын жүргізіп жатыр

0
23

Алматы қаласында азаматтарға қатысты алаяқтықтың алдын алу және киберқылмысқа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында “Anti-Fraud” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Операция аясында полиция қызметкерлері қаланың барлық аудандарында белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Негізгі басымдық интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың ең кең таралған түрлерін түсіндіруге, сондай-ақ тұрғындардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған.

Полиция қызметкерлері аула және пәтерлерді аралау, тұрғындармен кездесулер өткізу, қоғамдық орындарда, сауда орталықтары мен базарларда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Азаматтарға алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда жасалатын іс-қимыл алгоритмі мен жеке деректерді қорғау бойынша ұсыныстар қамтылған арнайы жадынамалар таратылуда.

Профилактикалық шаралар ең алдымен халықтың осал санаттарына — қарт адамдарға, студенттерге және онлайн сервистерді белсенді пайдаланушыларға бағытталған.

— Қазіргі таңда алаяқтар заманауи технологияларды, әлеуметтік инженерия әдістерін және психологиялық қысымды кеңінен қолдануда. Біздің басты міндетіміз — мұндай қылмыстарды анықтап, жолын кесу ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Сондықтан “Anti-Fraud” іс-шарасы барысында профилактикаға ерекше мән беріп, азаматтарға алаяқтықты қалай тануға болатынын және қылмыскерлердің құрбанына айналмаудың жолдарын түсіндірудеміз, — деді Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерік Қойбақов.

Алматы полициясы азаматтарды қырағы болуға, жеке деректерді, SMS-хабарламалардағы кодтарды бөгде адамдарға бермеуге және күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ