Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Елордалық боксшылар Испанияда өткен турнирде 3 алтын мен 1 қола медаль жеңіп алды

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық құрама қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль түсті. Олардың қатарында ел намысын қорғаған елордалық былғары қолғап шеберлері де жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, үш спортшымыз алтын медаль иеленді. Олар: Санжар Ташкенбай (50 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг). Ал Тимур Нұрсейітов (75 кг) қола жүлдегер атанды.

Биыл 40-рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирде Қазақстан, Украина және Англия құрамалары ең беделді қатысушылардың қатарында болды.

Сәйкес жаңалықтар

Шиелі ауданында «Оқушылар үйі мен өнер мектебі» ашылды

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының ұжымымен кездесті

zamandas69@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті