Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

ІІМ: Он күн ішінде есірткі сатуға қатысты 48 дерек анықталды

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында ішкі істер органдары жүйелі түрде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жүргізіп жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөлімшелермен өзара іс-қимыл барысында ақпан айының алғашқы онкүндігінде 158 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, олардың ішінде 91-і қылмыстық теріс қылық болса, 68-і қылмыс.

10 күн ішінде есірткі сату бойынша 48 фактінің жолы кесілді, аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 6 факт анықталды, 2 есірткі зертханасы жойылды, сондай-ақ есірткі контрабандасының және ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының әрқайсысы бойынша бір-бір фактіден тіркелді.

Заңсыз айналымнан 1,7 тонна прекурсор және шамамен 20 келі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 15 келі каннабис тобына, ал 2 келіден астамы синтетикалық есірткілерге тиесілі.

Жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында есірткіге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше көңіл бөлінуде. Онкүндік ішінде 20 мыңнан астам жасөспірімдер мен жастарды қамтыған 430 профилактикалық кездесу өткізілді.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерінің жолын кесуге бағытталған нысаналы жұмысты жалғастырады.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтөбеде кәсіпкер әйел асыл тұқымның орнына қарапайым аттарды сатып жіберген

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық ықыласына бөленді