Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған

Әзербайжан – Қазақстан үшін ерекше ел, бауырлас мемлекет

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету