Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты

0
18

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр.

Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Ами Накаи (Жапония) – 78.71 ұпай

2.Каори Сакамото (Жапония) – 77.23 ұпай

3. Алиса Лю (АҚШ) – 76.59 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина – 68.47 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 19 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан екінші мәрте ғана жүлдеге таласып жатыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған еді.

Фото: Сали САБИРОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ